Микробиология: оқу құралы
Описание
«Микробиология» оқу құралы жоғары оқу орындарының ауыл шаруашылығы, ветеринария, биология, техника және технология мамандықтарының білім алушыларына арналған. Оқу құралы аталған мамандықттардың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған пәнінің жұмыс бағдарламалары негізінде әзірленген. Оқу құралы «Жалпы микробиология», «Инфекция және иммунитет», «Жануарлардың инфекциялық ауруларының қоздырғыштары» және «Азықтар мен мал өнімдерінің микрофлорасы» бөлімдерінен тұрады. Ол бөлімдерде прокариотты және эукариотты микроорганизмдердің морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, генетикалық және патогендік қасиеттерін, қоршаған орта нысандарынан микроорганизмдерді айқындау, макроорганизмдердің иммундық жүйе жасушаларын бөліп алу мен оларды анықтау және оларға иммунологиялық (серологиялық) зерттеу жүргізу әдістері, кейбір инфекциялық аурулар қоздырғыштарының қысқаша сипаттамалары мен оларды балау тәсілдері туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, мал азықтары мен ауыл шаруашылық жануарларынан алынатын сүт, ет, жұмыртқа өнімдеріне микробиологиялық зерттеу жүргізу әдістері көрсетілген.