Қарағанды облысының ауылдық аймақтарының қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілу мəселесі
Описание
Берілген монография ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын зерттеп, талдау жүргізу арқылы ауылдық жерлерде қауіпсіз ауыз суға қолжетімділікті арттыру бойынша ұсыныстар əзірлеуге арналған. Монографияда Қарағанды облысының ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз ету жағдайын, ауылдық елді мекендеріндегі су, санитария жəне гигиена мəселелеріне байланысты денсаулық сақтау мəселелерін, түрлі сумен жабдықтау жүйелері бар ауылдарда халықтың суға қолжетімділігі мен су сапасына берген бағасын зерттеу нəтижелері, сондай-ақ ауылдық жерлерде қауіпсіз ауыз суға қолжетімділікті жақсарту бойынша əзірленген ұсыныстар келтірілген. Монография ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етудің қоғамдық денсаулық сақтау аспектілері жөніндегі нұсқаулық ретінде қолданыла алады. Монография санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жəне экологиялық мониторинг ұйымдарының мамандарына, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласында зерттеулер жүргізетін магистранттар мен докторанттарға арналған.